Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді

10.12.2013

Көрулер: 2488

Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – журналистика факультеті және «Қоғаммен байланыс» (PR) мамандығымен таныстыру болды. Онлайн кездесуге sabak.kz жүйесі бойынша № 61 мектептің оқушылары қосылды.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары «Қоғаммен байланыс» мамандығының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берсе, 2 курс студенттері өздерінің алған білімдері, журналистика факультетіндегі оқудың артықшылықтары туралы ойларымен бөлісті. Мектеп оқушылары Н.Т. Шыңғысова, М.Х. Арғынбаева, А.В. Рожковқа, сондай-ақ студенттерге өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты сауалнама жүргізілді. Шағын зерттеудің нәтижелері оқушыларды ЖОО-дағы студенттік өмір, өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар, өзгерістер және инновациялар, табысқа жету және бәсекеге қабілеттілік қызықтыратынын көрсетті.