Экономикалық сұрақтарды реттеу мәселелері қарастырылды

10.12.2013

Көрулер: 2755

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық сұрақтарды реттеу: тәжірибелер және мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес Жоғары мектебі мен «Қазақстан Республикасының аудиторлар Палатасы» Кәсіби аудиторлар ұйымы бірлесе отырып ұйымдастырды.

Конференция жұмысына 145 мақала ұсынылды.

Конференцияға шақырылған шетелдік қатысушылар: Йылмаз Аслан –Кавказ Университетінің оқытушысы (Баку), Расулев А.Ф. – э.ғ.д., профессор, Өзбекстан Республикасы ҒА экономика Институты директорының орынбасары, Абазов Р. – Колумбийский Университетінің профессоры (АҚШ).

Конференцияда келесідей сұрақтар талқыланды:

1. Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кедендік одақ елдері шеңберінде есеп пен аудитті ұйымдастыру мен жүргізуді сәйкестендіру мәселелері

2. Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кедендік одақ елдері арақатынасын қаржылық реттеу механизмдері

3. Кеден Одағындағы экономикалық интеграцияның үлгілері мен әдістері

4. Қазақстандағы менеджментті құрудың теориялық және практикалық негізі Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді дамуының факторы ретінде

Конференцияға қатысушылар Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық сұрақтарды реттеу мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

Конференцияға қатысушылар баяндамалар мен мақалаларды талқылай келе қорытынды резолюцияны бекітуге дауыс берді.

ЭжБЖМ