Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығынан» келген қонақтарды қарсы алды

10.12.2013

Көрулер: 3269

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығының» бас директоры Дамир Алтынбекович Егизбаев, Техас университетінің басты сарапшысы Эрик Азулэй және М.В.Ломоносов атындағы ММУ коммерциализация кеңсесінің жетекшісі, жекеменшік жөніндегі сарапшы Олег Дьяченко, сонымен қатар Орта Азиялық аймақтың CRDFGlobal коммерцилизация кеңсесінің жетекшісі Евгений Красовский және Алматы қаласының коммерцилизация кеңсесінің бас менеджері Роза Бульдекбаева іс-қызметімен келді.

Қонақтар ғылыми-технологиялық паркінің инфрақұрылымы мен жұмыс жасау қызметімен танысып, студенттік бизнес-инкубатордың инновациялық жобаларының көрмесін аралады.

Кездесу шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі мен CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» арасында серіктестік пен ынтымақтастық жолдары талқыланды.