ҚазҰУ-да профессор Шәрбан Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өткізіледі

06.12.2013

Көрулер: 2488

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 2013 жылы 13 желтоқсан күні филология ғылымдарының докторы, профессор Шәрбан Ысқаққызы Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Бизнес, экономика, журналистика және коммуникация өнерін игеру технологиялары» атты жас ғалымдарға арналған ғылыми семинар өткізіледі.

Өтетін орны: Т.Қожакеев атындағы 230-дәріс залы. Сағ. 15.00.

Ш.Ы.Нұрғожина ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 30 жылға жуық қызмет атқарды, профессор М.К.Барманқұловтың ғылыми мектебін жалғастырушы ұстаздардың бірі. Ол қазіргі БАҚ-ты зерттеумен және республиканың іскерлік журналистикасын дамыту мақсатында масс-медиадағы экономика тақырыбын жазумен айналысады.

Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Баспа ісі және әдеби редакциялау», «БАҚ менеджменті және жарнама», «Баспасөз және Интернет журналистика» кафедраларының меңгерушісі болды.

Ғылыми педагогикалық жетістіктері үшін Ш.Ы.Нұрғожина 2005 жылы «Еліміздің Ең үздік оқытушысы» атанды. Журналистік білім беруді дамыту үшін бірнеше оқу құралдары мен монографиялар, ғылыми мақалалар шығарып, оқу бағдарламаларын құрастырды. Сонымен қатар «Журналистика» мамандығының мемлекеттік стандарттарын жасауға қатысты. Мамандық бойынша 3 филология ғылымының кандидаттарын даярлады.

Ш.Ы.Нұрғожинаның шәкірттері Қазақстандық және шетелдік БАҚ құралдарының түрлі салаларында отандық журналистиканың мерейін үстем етуде белсенділік танытып келеді.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Телефон: (8-7273) 77-33-33, 77-33-38 қосымша 1351

Моб: 87011527488, 87027444702

E-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, Galia.Maikotowa@kaznu.kz