Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтеді

03.12.2013

Көрулер: 2423

2013 жылдың 5 желтоқсанында c. 14.00-де журналистика факульетінде (№230 Т. Қожакеев атындағы акт залы) баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді.

Ашық есік күніне республикалық мектеп, гимназия және лицей оқушылары, сондай-ақ осы шараның ақпараттық қолдаушы БАҚ –өкілдері қатысады.

Шара барысында мектеп оқушыларына арналған «Жас репортер» ең үздік видеосюжеттер, аудиорепортаждар мен фотоэтюдтер мен инкографикаға байқауы; «Журналист болғың келе ме?» ең үздік эсселер мен мақалаларға шығармашылық байқауының ережелері таныстырылады.

Ақпарат: «2050 – Қазақстанның даму стратегиясы» приоритетінің бірі – ХХІ ғасырға 10 жаһандық үндеу аталады. Сол үндеулердің бірі - Үшінші индустриялық революция.

Индустриялық революция - интеллектуалды құндылықтарды дамыту, байыту бағытындағы инновациялық серпінді бастамалар. Осы бастамаларды жүзеге асыруда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ең үздік жоғары мектеп моделін» қалыптастыру жолында академиялық саясатын жарияланымдауға бағытталған «Мобильді репортер» жобасы ның алғашқы қадамы – жас талапткерлерге бағытталды.

Үйлестіруші: Қабылғазина К., Әсел Ә., Нода Л., баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, +7273773334 (1351), +7705 575 48 51.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы