Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өтті

03.12.2013

Көрулер: 2382

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатия аударма кафедрасы аға оқытушылардың Хурмет Арай және Дуйсеева Ләйланың ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы алматы қаласы, Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Еділхан мырза университет студенттеріне дайындап келген «Терроризмге қарсы шара» атты дәрісін оқыды. Дәріс барысында Еділхан мырза «Терроризм дегеніміз не?» деген студенттердің сұрақтарына жауап берумен бастады. Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру ол «терроризмге» алып келіп соқтырады. Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист» деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылатындығы туралы жақсы кең көлемде түсіндіріп, студенттерге Еділхан мырза жалпы статискалық мәліметтерімен де бөлісті. Жалпы терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және демалатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда-саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру сияқты керекті мәліметтерді студенттерге баяндап берді. Осыдан кейін әр студент өзінің сауалдарын қойды. 3-курс студенті Айбар Акимханның «Жастар экстремизмді насихаттайтындар үшін «оңай олжаға» айналып жатады. Өйткені, жастар олардың ықпалына төтеп беруге қауқарсыз. Жастарды қорғаудың қандай әдістері қарастырылған?» деген сауалына «Қазіргі жастардың кішкентай кезден ана тілін, тарих, мәдениетті оқығандай өзінің діни дәстүрлері туралы негізді білім алуға құқығы болуы тиіс. Мәселен, терроризмнің зияны туралы көп лекция оқылуы керек. Қоғам санасына адам өлтірудің ең ауыр күнә екендігін сіңіру керек. Адам бұл жайында үнемі ести берсе, ойлана бастайды, санасында бұл жаман нәрсе екен деген ой қалыптасады. Бірақ жастарға не істеу керектігін үйрету шарт емес, олармен сөйлесу керек. Оларды тыңдай отырып, барлық мәселені бірлесіп шешу қажет» деген толық жауап берілді.