Жастар «Айналаңды нұрландыр» жобасын жалғастыруда

03.12.2013

Көрулер: 2207

Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының оқытушылары физика-техникалық факультетінің стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттеріне «Айналаңды нұрландыр!» жобасының жалғасуы үшін өз үлесіңді қос» - деген ұранмен дөңгелек үстел өткізді.


Бұл жиынды физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы Айжан Құйқабаева ашты. Эдвайзер сағатында «Айналаңды нұрландыр!» атты жобасының тарихы Корея елінен бастау алған, Корея елінің Anyang университетінің президенті Юнг Сил Ким Корея жастарына тиімді, терең білім берудің және білікті маман даярлаудың жолдарын қарастыру барысында, сонымен қатар Корея жастарының ұлттық рухын көтеріп, күш беретін әсерлі ұранды іздегені, осы ізденіс нәтижесінде «Айналаңды нұрландыр!» атты ұранмен қозғалысты бастағаны айтылды. Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Молдағалиева Айжан және оқытушы Баян Исабаева: «Айналаңды нұрландыр!» қозғалысының ең маңызды рухани принциптері отбасында әке мен шеше ата-аналық парызын үлкен сүйіспеншілікпен орындап, өнегелі ұрпақ тәрбиелесе, ұл мен қыз өз перзенттік борышынан бас тартпай, ата анасын аялап құрметтесе, студенттер бар күш-жігерімен жақсы білім алуға талпынса, оқытушылар өздерінің әрбір шәкіртіне жоғары деңгейде білім беруден жалықпаса, қызметкерлер өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен орындаса, ел басқарып отырған ағалар өз қызметін ел алдында адал атқарса, барлық ел көлемінде бейбіт және берекелі-мерекелі өмір орнайды деп айтты. Айгүл Зейнешевада өз ойын ортаға салып, қос оқытушы кезектесе отырып осы жоба бойынша жасалған жұмыстардың нәтижелері ретінде дайындаған презентацияларындағы газет беттеріне жарияланған мақалдарды, суреттерді көрсетті. Студенттер де аса үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Топ студенті Думан: «осындай жобалар бізді жақындастырады, мейірімділікке, жанашырлыққа шақырады. Біз үнемі жүрген жерімізде жақсылықтар жасап қоршаған ортаны, елімізді нұрландыруға шамамыз келгенше үлесімізді қосамыз» - деді.