«Әдеби жүздесулер» клубы Аманхан Әліммен кездесу өткізді

15.11.2014

Көрулер: 1032

Кездесуді ұйымдастырушылар – «Әдеби жүздесу» клубының жетекшісі, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәлима Әбдіраманқызы Қалқабаева мен клуб мүшелері. Әдеби жүздесуге жиналған көпшілік қауым ақынның әдебиет әлемінен, өз өмірінен сыр шерткен әңгімелерін тыңдады.

Бұл кездесу «Жастар жырлайды» атты жыр сайысына ұласты. Ақын Аманхан Әлім факультетіміздің жас ақындарының өлеңдерін тыңдап, өз бағасын берді. Ақын ағаға өлеңдері ұнаған Абылай Жұмашев, Сәуле Нысанбек, Бейімбет Арман, Мұхтар Сержан, Оразхан Ақтолқын сынды студенттеріміз ақынның өлең кітаптарын өз қолынан алу құрметіне ие болды.