Мерейтойға арналған конференцияда «Қазақтану және ұлттық инновация» тақырыбы талқыланады

05.11.2013

Көрулер: 3040

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жахан Жанболұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтану және ұлттық инновация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Халықаралық акмеологиялық ғылымдар академиясының (Санкт-Петербург) академигі Жақан Жанболұлы Молдабеков 70 жасқа толғалы отыр.


Профессор Жақан Молдабеков елімізде «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 600-ден артық ғылыми еңбектердің авторы атанды.

Жақан Жанболұлы Молдабековтың көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық жұмыстары лайықты бағаланып, өз бағасын алды. 2008-2009 жж. іргелі ғылыми ізденістері үшін президенттік гранттың иегері болса, 2009 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік оқытушысы» атанды; 2010 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атағына ие болды, ал 2011жылы «Шешендік» оқу құралына «Ы. Алтынсарин атындағы» сыйлық берілді.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция «Бар қазақ - бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» ғылыми-зерттеулік жоба аясында өткізіледі.

Конференция жұмысында бірегей ғылыми-кәсіби тәжірибесі бар ТМД және шетелдің академиялық және ғылыми орталықтарынан, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары конференция жұмысының жоғарғы кәсіби деңгейде өтуіне қызмет етпек.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті. Конференция залы, 3 қабат

Өтетін уақыты: 2013 жылғы 9 қараша, сағат – 10.00

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану

факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Байланыс тел.: (727) 2925717 қосымша 2125, 2124

e-mail: gabit_24@mail.ru; asemm81@mail.ru