Жастар жетістікке жетуді көздейді

06.11.2013

Көрулер: 2193

1 қарашада Химия және химиялық технология факультетінде «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Г.Ж. Жақсылықова мен факультеттің Студенттік мәслихат ұйымының ұйымдастыруымен «Химфакты жетістікке бастайтын қадам!» атты жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты студенттерді білімге, ғылымға, салауатты өмір салтын ұстануға, өнерлерін шыңдауға тәрбиелеу және ұйымшылдық пен ауызбіршілікке баулу. Жарысқа 1-4 курс оқу топтарынан 10 топ қатысты. Сонымен қатар, ұйымдастыруға факультеттің барлық кафедралары атсалысты. Жарыс өте қызықты өтті. Жеңімпаз топтар анықталып, дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта бұл факультеттің дәстүрлі жарысына айналса екен деген тілектер айтылды.