«Аудиовизуалды құжаттар тарихи білім жүйесінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

06.11.2013

Көрулер: 3414

15 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық және ҚР Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағатының 70 жылдық мерейтойларына арналған тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану каферасы мен ҚР Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағатының ұйымдастыруымен «Аудиовизуалды құжаттар тарихи білім жүйесінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда аудиовизуалды құжаттардың тарихи білім жүйесіндегі рөлін көрсету және жаңа көзқарастар тұрғысынан зерттеу, ұлттық тарих және ҚР мұрағат ісінің өзекті мәселелерін қарастыру, дүние жүзі тарихы, тарихнама, деректану және арнайы тарихи пәндерді тарихи таным контексінде зерттеу мақсатын қарастырылады. Конференция жұмысына Қазақстан мен ТМД елдерінің және шетелдің жетекші ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.

Байланыс үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050040, Алматы қ.,әл-Фараби даңғылы 71.

Тел.: 8-7273773337 (12-89)

E-mail: nurzipakz@mail.ru; gulmiras2801@mail.ru

Байланыс телефондары:

Кафедра +727773338 (12-89; 12-84)