ҚазҰУ-да Сиэтл университетінің (АҚШ) профессорлары Томас Готч пен Клиффорд Мун кросс-мәдени көшбасшылық бойынша дәріс жүргізуде

05.11.2013

Көрулер: 1875

Көшбасшылық мәселесі қазіргі заманда ерекше өзектілікке ие болып отыр, себебі қоғамның дамуы көшбасшылардың қызметімен тығыз байланысты.

Көшбасшы қандай болуы керек? Менеджердің қызметінде мәдени айырмашылықтар қалай көрініс табады? Командамен жұмыс істеудің ерекшеліктері неде? Осы және тағы басқа қызықты сұрақтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы ұйымдастырып отырған «Кросс-мәдени Көшбасшылық» білім беру бағдарламасы аясында зерттелетін болады.

Сабақтарды кросс-мәдени көшбасшылық саласының белгілі мамандары, «International Center for Education and Technology» қорының өкілдері, Сиэтл университетінің (АҚШ) профессорлары Томас Готч пен Клиффорд Мун жүргізуде.