ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі өтеді

04.11.2013

Көрулер: 2314

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізеді.


Фестивальдің мақсаты – студент жастардың Қазақстанның болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру.

Фестиваль төмендегі іс-шаралардан тұрады:

- студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауы;

- «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы;

- «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар байқауы.

Байқау жұмыстарының талаптары

1. Студенттік инновациялық жобалар байқауына мемлекеттің, аймақтың немесе жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық және т.б. дамуына үлес қосуға, өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қабылданады.

2. «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауына автордың Отанға деген белсенді азаматтық ұстанымын танытатын прозалық шығармалар қабылданады.

3. «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар байқауына жастарға әлеуметтік маңызды топ ретінде, олардың мемлекеттің дамуындағы, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы орны мен рөліне арналған авторлық өлеңдер қабылданады.

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен лауреаттар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың үздік материалдары арнайы студенттік жұмыстар жинағында жарияланады. Байқаулар жеңімпаздары өз жұмыстарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 2013 жылғы 29 қарашада өтетін фестивальдің қорытынды гала-форумына ұсынуға мүмкіндік алады.

Тапсырыстар мен байқау материалдары мына мекен-жайға қабылданады: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мен жастарға сенемін!» байқауына белгісімен. Байланыс: тел. - 8 (727) 377 3315; 87756121545, 87023563113, e-mail - zhastar@kaznu.kz.

Фестиваль туралы ереже.docx