«Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

04.11.2013

Көрулер: 2279

20-қараша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы университеттің 80-жылдығына арнап «Зерттеу университетінің білім беру кеңістігінде мемлекеттік және шет тілдер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.


Конференцияның мақсаты зерттеу университетінде тілдерді оқытудың ұтымды технологияларын іздеу бағытында жаңа ойлар мен шешімдерді анықтау, шет тіліндегі біліктілікті қалыптастырудың маңызды құралдары, сондай-ақ, тұлға-қызмет, жүйе, коммуникация, құзырет, күрделілік, жоба ұғымдарына негізделген технология мен әдістерге байланысты ғылыми мәселелерді шешуге оқытушылар құрамын тарту, жоғары оқу орындарының оқытушыларын ғылыми зерттеулерге, халықаралық жобаларға және білім беру мен тілдік бағдарламаларға қатыстыру болып табылады.

Конференция жұмысына республиканың жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының белгілі ғалымдары, шетелдік мәдени орталықтардың өкілдері қатыстады.

Конференция жұмысы мемлекеттік және шет тілдерін оқытудың инновациялық технологиялары және мемлекеттік және шет тілдерін оқытудағы мәдениетаралық қатынас пен әдістеменің өзекті мәселелері. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері.

Халықаралық қатынастар факультеті