әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы бағдарламалаудан болған әлем чемпионатында үздіктер қатарында

31.10.2013

Көрулер: 2380

Университеттің механика және математика факультетінде АСМ ICPC (Association for Computing Machinery International Collegiate Programming Contest) бағдарламалаудан әлем чемпионатының ширек финалы өтті. 2003 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бағдарламалаудан әлем чемпионатының Алматы қаласындағы ұйымдастырушысы болып табылады.

Өткен 2012 жылдан бастап ширек финал Назарбаев Университетімен бірге өткізіледі. Чемпионаттың бірден-бір ерекшелігі қатысушылардың нәтижесін бағалау кезінде адам факторының болмауы, себебі бес сағат бойы бұл жұмысты автоматтандырылған жүйе орындайды. Биылғы чемпионатқа қатысуға Қазақстанның әр облысынан 100-ден астам команда өтініш білдірді. Қатысқан командалар саны – 91. Бірінші орынды Халықаралық IT Университетінің командасы IITU 1 (Кутыбаев М., Чжэн В., Большаков А.) иеленді; екінші орынды Назарбаев Университетінің командасы NU 1 ( Канапин Н., Диханов А., Жақсыбай А.) иеленді; үшінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы Kaz NU 1 (Ковалев Д., Дауталинов А., Бердибеков С.) иеленді. http://neerc.ifmo.ru/information/standings-kaz.html

Жартылай финал жарысы 30 қараша – 1 желтоқсан 2013 жылы Санкт-Петербург, Барнаул, Тбилиси, Ташкент қалаларында болады.

Жарыс АСМ - Association for Computing Machinery қауымдастығы қамқорлығының аясында, IBM компаниясының, 200 млн. АҚШ долларынан астам демеушілігімен өтеді. Өткен жылы Әлем чемпионатында 91 елдің атынан 2300 университеттен 30 мыңға жуық студент қатысты.

Қосымша ақпарат үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика және математика факультеті, 13-корпус. Телефон: 8 (727) 385-01-14.