Журналистика факультетінде ашық есік күні өтеді

31.10.2013

Көрулер: 2279

1 қарашада Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді (журналистика факульетті №230 Т. Қожакеев атындағы акт зал, сағат 12.00).


Ашық есік күніне республикалық мектеп, гимназия және лицей оқушылары, сондай-ақ осы шараның ақпараттық қолдаушы БАҚ өкілдері қатысады. Шара барысында мектеп оқушыларына арналған: «Жас репортер» ең үздік видеосюжеттер, аудиорепортаждар мен фотоэтюдтер мен инкографикаға байқауы; «Журналист болғың келе ме?» ең үздік эсселер мен мақалаларға шығармашылық байқауының ережелері таныстырылады.

Үйлестіруші: Ә. Әлімжанова, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, +7273773334 (1351), +77073909790