Студенттер мемлекеттік рәміздер мәртебесіне мән беруде

30.10.2013

Көрулер: 1742

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Осы орайда, Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышымыз» атты ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысы топ студенттерінің баяндамалары мен пікір-сайысына ұласты. Болашақ мәдениеттанушы ретінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің бүгінгі мәртебесі мен рөлі жайында, рәміздердің қатысуымен еліміздің территориясында және одан тыс аймақтарда орын алған кейбір олқылықтардың барысы мен себебі турасында мәдениеттанулық талдау жүргізілді. Сабақ соңында мәдениеттану мамандығының 3-курс эдвайзері Бақыт Күнтуғанқызы мемлекеттік рәміздердің ел мәдениетіндегі рөлі мен мәртебесі турасында сөз сөйледі.