Е. Россинскаяның қатысуымен семинар өтеді

30.10.2013

Көрулер: 2040

30 қазан – 8 қараша аралығында «Криминалистика және сот сараптама пәндерінің оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының сот сараптама кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерацияның ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Ресей Федерациясының жоғары мамандық білімінің құрметті қызметкері, з.ғ.д., профессор, Ресейдың жаратылыс ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық бірдейлестіру ассоциацияның (IAI USA) толық мүшесі Россинская Елена Рафаиловнаның қатысуымен әдістемелік семинар өтеді.

Ұйымдастырушылар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы. Сабақ заң факультетінің 422 аудиториясында (күн сайын сағат 14:00-18:00 дейін) жүргізіледі. Барлық қатысуға ниет білдіргендер шақырылады.