Жастар арасында әдеби-сазды кеш өтті

23.10.2013

Көрулер: 1922

2013 жыл 22 қазанда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың «ДАУА» кітабы бойынша әдеби-сазды кеш өтті.

Кеште ақын шығармашылығы бойынша электронды альбом көрсетілді, жас ақындар жыр оқыды. №4 кітапхана ұжымы жасаған кітап көрмесі ақын шығармашылығының қазіргі кезеңі бойынша көп мәлімет берді. Кеш әдебиет сүйер жас қауым үшін қызықты да пайдалы болды.