Жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті

23.10.2013

Көрулер: 1938

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті.

Семинарға филология факультетінің докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ ғалымның республикамыздың ЖОО-да оқытушылық қызмет атқарып жүрген шәкірттері, филология ғылымдарының кандидаттары Ұ. Еркінбай, (С.Демирел университеті), Ә.Толысбаева (Түркістан), Г.Түсіпова (Екібастұз), Е.Адаева, Л.Дәуренбекова (Астана) т.б.қатысты. Ғылыми семинарда әдебиеттану және аударматанудың өзекті мәселелері сөз болып, «Мәтін теориясы және поэтикасы», «Аударма және мәтінтану» бағыттары бойынша баяндамалар оқылды.Ғылыми семинардың жас ғалымдарға берері мол болды. Семинар материалдарын жинақ түрінде жариялау көзделіп отыр.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті