Студенттер арасында аспаздық жарыс өтті

15.10.2013

Көрулер: 2447

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы А.К.Құсайынованың бастамасымен №18 жатақханада жігіттер мен қыздар топтары арасында аспаздық жарыс турнирі өтті.

Негізі турнир халықаралық сипатқа ие, себебі жігіттер тобында заң факультетінің 3 курс студенттері Тәжікстаннан: Сафаров Давлат, Девлохов Фариз, Забидшо Джамшед, Нуралиев Сироджидин және қыздар тобында Қырғызстаннан келген Ибраева Айжан; Қазақстан атынан Амангелді Айгерім, Бураханова Айдана , Федоренко Яна қатысты.

Топтарға сайыстық тағам - палауды әзірлеу үшін бірдей азық – түлік берілді: ет, күріш, сәбіз, пияз, өсімдік майы. Жігіттер тобының бас-аспазшысы ретінде- Сафаров Давлат, ал қыздар тобының бас-аспазшысы ретінде- Ибраева Айжан аспаздық өнерлерін паш етті. Палауды дайындау үрдісі барысында топ мүшелері түгелдей қатысып, ат салысты. Сайыстың өту барысында сонымен қатар, әр ұлттың дәстүр-салтына және ұлттық тағамдарының түрлеріне байланысты сұрақ-жауап пікір алмасу жүзеге асырылды. Турнир өз мәресіне жеткеннен кейін палаудан дәм тату үшін шай ішу рәсімі болып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы