ҚазҰУ-да кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару жолдары қаралды

21.10.2013

Көрулер: 2575

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ Жол» ХДП депутаттық фракциясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ менеджмент және маркетинг кафедрасының, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығының, «Жетісу» банкроттық процедурасындағы кәсіби басқарушылар одағы» РҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақстандық кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару: жай-күйі, өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге ҚР аймақтық даму министрлігі кәсіпкерлік комитетінің төрағасының орынбасары Б.К. Саркенов, ҚР Қаржы министрлігінің бас маманы Р.А. Мұратханов, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлердің аймақтық палатасының өкілі К.К. Өтешов, «Жетісу» банкроттық процедурасындағы кәсіби басқарушылар одағы» РҚҚ президенті, Ұлыбританияның Корольдік төрелік сотының мүшесі М.М. Кабикенова, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар қатысып, баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандық кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқарудың ұйымдық-құқықтық және экономикалық мәселелелерін талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша банкроттық процедурасын және борышқорларды сауықтыруды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және ҚР Парламенті мен Үкіметіне жіберу шешілді.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы