Жастар балалар үйіне барды

21.10.2013

Көрулер: 2368

Философия және саясаттану факультетінің 1 курс мәдениеттану мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен құрбан айт мерекесіне орай, «Айналаңды нұрландыр» атты іс-шара болып өтті.

Шара барысында Алматы қаласының №1 балалар үйіне барып, көмек көрсетілді. Ол жерде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Балалар бір-бірімен тату-тәтті жарыса балдай тілдерімен өлең, ән айтса, студенттер балалармен түрлі тренингтер өткізіп, ойын ойнатып балалардың көңіл-күйін көтерді. Соңынан балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді.

Студенттер осы іс-шара көлемінде балалар үйіне бару арқылы балалардың тұрмыс барысын көріп қайтты.

Қайырымдылық - бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды.

«Мәдениет.kz» клубы