ҚазҰУ ғалымдары АҚШ-та өткен конференцияға қатысты

18.10.2013

Көрулер: 2569

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары АҚШ-та халықаралық конференция ұйымдастыруға қатысты. Висконсин-Мэдисон университетінде ғылыми тағлымдамада жүрген оқытушылар университеттің барлық ғылыми ісшараларына қатысып, арасында ағылшын тілін үйрену үстінде. Қазан айының басында университетте үлкен халықаралық конференция өтті.

Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан 4 ғалым қатысты. Олар Раушангүл Авакова (шығыстану факультетінің профессоры): «Адам капиталы және тіл саясаты», және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология ғылымдарының профессорлары Салқынбай Анаркүл: «Қазақ сөзжасамы: мән мен мағына», Мәдібаева Қанипаш: «Түркі әдебиетінің көркемдік дамуы және жазба әдебиеттің айырым белгілері», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Иманалиева Ғазиза: «Түркі тілдеріндегі эмоционалды құрылымдар» тақырыптарында баяндама оқып, өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, таразылады. Конференция Қазақстанға арналған симпозиумнан басталды. Оны ҚазҰУ мен Висконсин-Мэдисон университеті бірлесіп өткізді. Voice of America хабарында (өзбек тілінде) ҚазҰУ профессоры Р. Авакованың сұқбаты берілді. Сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар.


http://www.amerikaovozi.com/content/cess-2013-uw-madison/1768558.html