«Кіші Фараби Академиясындағы» кездесу

18.10.2013

Көрулер: 2227

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби Академиясы» өзінің жаңа оқу жылындағы жұмысын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Жұмаділдаевпен кездесуден бастады.

«Жастар және ғылым» тақырыбында болған кездесуге университет ұстаздары мен студенттері қатысты. Асқар Жұмаділдаев өзінің ғылым жолы, ғылымның жастар үшін маңызы, ғылыми жаңалық ашудың құпияларын туралы қызықты түрде баяндап, математика саласындағы теоремаларды дәлелдеу тәжірибесімен бөлісті және студенттердің қоғам, ғылым, жастар, тұлға мәселелері бойынша қойған сауалдарына толық жауаптар берді. Қызықты да мазмұнды өткен кездесу барысында философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, «КФА» жетекшісі Асқар Лесхан, философия кафедрасының оқытушылары және «КФА» президенті Ж.Әділханов өз пікірлерімен бөлісті.