Екі мереке тоғысқан

06.10.2013

Көрулер: 2623

Университетте студенттерге жан-жақты жасалған жағдай өз нәтижесін беруде. Салауатты өмір салтын насихаттауды студенттер қызу қолдап, спорттың әр түрінен жылда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқытушылар мен студенттер арасында жарыстар ұйымдастырылып жүр.

Бұл жолғы үстел теннисінен өткен жарыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына және ұстаздар күніне арналды. Жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған - факультеттің «Дода» спорт клубы. 2013 жылдың 6 қазанында қарасты № 17 Студенттер үйінде өткен жарыс нәтижесінде, ерлер арасында І орынды Сайлауов Нұрперзент (4-курс ҚТӘ мамандығы), ІІ орынды Минайхан Салтанат (4-курс, ҚФ), ІІІ орынды Әбдіманап Рауан (3 - курс ҚТӘ) иеленсе, қыздар арасында І орын – Есет Самал (2-курс ОФ), ІІ орынды Төлепбергенқызы Орынбасар (3-курс ҚТӘ), ІІІ орынды Ідірісова Гаухар (4-курс ҚТӘ) бөлісті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен мақтау грамоталармен марапатталды.