Кітапханаға бір күндік көмек

14.10.2013

Көрулер: 2821

Кітапхана ісі мәдениет саласында ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі. Университет кітапханасы – бұл тек ру­хани байлық сақтаушы ғана емес, соны­мен бірге студенттердің білім алуы үшін белсенді күш болып табылады, оларды тәрбиелеуде және даму жолында алға ба­суларына жағдай туғызады.

Университеттің Ғылыми кітапханасы – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Ғылыми кітапхана – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі ҚР бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі болып табылады. Ғылыми кітапхана қорында 2 миллионнан астам басылымдар сақталған. Жыл сайын 50-60 мың данадан астам басылымдармен толықтырылады.

Физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «Жылу энергетика» мамандығының 2-курс студенттері куратор-эдвайзері А.Е. Тұрсынбаевамен бірге Ғылыми кітапханаға волонтер ретінде бір күндік көмек көрсетті. Олардың кітапханаға волонтер ретінде кітапханашыларға өз беттерімен келіп көмектесуі – олардың университетіне деген сүйіспеншілігі. Студенттердің бұндай көмегіне кітапханашылар өз алғыстарын айтып, өмірлеріне сәттілік және оқуларына табыс тіледі. Осындай бастамалар басқа да студенттер тарапынан қоштау табады деп сенеміз.