"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

11.10.2013

Көрулер: 1601

Экологтер бас қосты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТМД-дағы экономикалық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы аясында «Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға ТМД, АҚШ, Қытай елдерінің эко­лог ғалымдары, ҚР Қоршаған ортаны қор­ғау министрлігі мен Алматы қаласының Та­биғи ресурстар және табиғатты пай­да­ла­нуды реттеу басқармасы өкілдері қа­тыс­ты.

Конференцияны ашқан Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инно­ва­ция­лық қызмет жөніндегі проректоры Ті­лек­қа­был Сәбитұлы «жасыл экономика» сая­са­ты­ның артықшылықтарына тоқталып, уни­верситет елімізде экономиканың қа­лыпты дамуы үшін өзіндік үлес қосуды мақ­сат етіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ конференция барысында эко­­логиялық білім беру сапасын көтеру, эко­­­логия саласындағы арнайы маман даяр­­­лау мен экология, биология және био­технология саласының бүгінгі таң­дағы өзге де маңызды сұрақтары тал­қы­ланды. «Вернадский В.И. – ноосфералық эколо­гия­лық мәдениет және тұрақты да­му»; «Экологияның, биологияның және био­тех­но­логияның теориялық және қол­дан­балы аспектілері»; «Жасыл эко­но­ми­ка­ға» өтудің эко­номикалық ме­ха­низм­де­рі» атты сек­ция­лар қызу пікірталас ала­­­­ңы­на айналды.

Автор: Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА