Жарыс қос мерекеге арналды

11.10.2013

Көрулер: 1812

Университетте студенттерге мәдени, спорттық шаралар өткізуге жан-жақты жасалған жағдай өз нәтижесін беруде. Салауатты өмір салтын насихаттауды студенттер қызу қолдауда. Спорттың әр түрінен жылда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқытушылар мен студенттер арасында жарыстар ұйымдастырылып жүр.

Бұл жолы үстел теннисінен өткен сайыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына және ұстаздар күніне арналды. Жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған - факультеттің «Дода» спорт клубы. № 17 Студенттер үйінде өткен жарыс нәтижесінде, ерлер арасында І орынды Сайлауов Нұрперзент (4-курс ҚТӘ мамандығы), ІІ орынды Минайхан Салтанат (4-курс, ҚФ), ІІІ орынды Әбдіманап Рауан (3 - курс ҚТӘ) иеленсе, қыздар арасында І орынды – Есет Самал (2-курс ОФ), ІІ орынды Төлепбергенқызы Орынбасар (3-курс ҚТӘ), ІІІ орынды Ыдырысова Гаухар (4-курс ҚТӘ) бөлісті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен мақтау грамоталармен марапатталды.

Аударма теориясы мен әдіснамасы кафедрасы