Қазақстан Республикасы кубогы үшін үстел теннисінен жарыс өтті

11.10.2013

Көрулер: 2277

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы кубогы үшін үстел теннисінен жарыс өтті.

Жарысқа 8 әйелдер командасы және 8 ерлер командасы қатысты. Ерлер арасынан 3-орынға Келбұғанов Тимур, биология және биотехнология факультетінің 2 курс магистранты ие болды. Әйелдер арасынан Қарағанды облысы құрамасы 1-орынға ие болды. Онда ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің 2 курс студенті Власова Татьяна ойнайды.