1-курс студенттерінің назарына!

11.10.2013

Көрулер: 1863

Құрметті 1-курс студенті! Сіз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті атандыңыз! Егер Сіз өнер әлемінде еркін қанат қағып, шығармашылығыңызды шыңдағыңыз келсе, онда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «1-КУРС ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауына қатыса аласыз. Байқаудың мақсаты: 1-курс студенттерінің шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жастарды анықтау.


Байқау ІІІ кезеңнен тұрады. 7-11 қазан аралығында әр факультетте Студенттер клубы үйірме жетекшілерінің қатысуымен эстрадалық және дәстүрлі ән, халықтық және заманауи би, өз шығармашылығы және көркем сөз оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, жүргізушілік және актерлық шеберліктен іріктеу кезеңі өтеді. ІІ кезең - Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, «Жастар рухани орталығында» 21-25 қазан аралығында өтеді. ІІІ кезең - Гала-концерт.

Келіңіз, қатысыңыз, өнеріңізді шыңдаңыз, мүмкіндігіңізді қалт жіберіп алмаңыз!

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, 312 каб.

Байланыс тел.: 377-33-33; ішкі 13-33.