Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті қорында ашылған «Зияткерлік павильон» көрмелік жиынына барды

11.10.2013

Көрулер: 2744

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының стандарттау, сертификаттау және метрология 1-курс студенттері мен жылуэнергетика мамандығының 2-курс студенттері куратор-эдвайзерлер А.А.Құйқабаева, А.М.Мақсұтханова және А.Е.Тұрсынбаевамен бірге «Зияткерлік павильонға» барып мемлекеттің даму тарихына бағытталған, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат бағыттарымен, экономикалық және әлеуметтік салалардың реформаларымен, ғылым, білім және мәдениеттің жетістіктеріне негізделіп дайындалған құжаттық видео және фотоматериалдармен танысты.


Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған көрмеде студенттер ақпараттық киоск арқылы Елбасына болашақ хатын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Студенттер павильонда 25 мың жарықдиод көмегімен Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде және шет елдерде болған әртүрлі іссапарларының таңғажайып суреттерімен видеоматериалдарын көрді. Көрмеде астананың макетін тамашалауға және Елбасының сыйлықтары мұражайына кіруге болады. Студенттер жаңа медиа-арт (жаңа дизайн) бағыты мен жаңа компьютерлік технология қолданылып жасалынған таңғажайып әлемге енгенде таңырқауларын жасыра алмады. ҚазҰУ табалдырығын жаңа ғана аттаған 1 студенті Айым: «Ғимаратқа кіргенде өте керемет әсер алдым. Ғимаратта панельде жарықдиодты жазулар әдемі көрінеді. Заманауи технологияларды тамашалауға, олармен қалай жұмыс жасауды көрдік. Көрме өте қызықты өтті. Елбасымыз туралы көп мағлұматтарды игердік. Заманауи талаптарды қанағаттандыратын озық компьютерлік технологиялардан жиналған бұл көрменің ашылуы біздің мемлекетіміздегі инновациялық дамудың өте жоғары дәрежеде екенін көрсетіп тұр». Түгелбаева Айсәуле: «Ғимарат қазіргі заманға сай жасалған. Елбасының әр мемлекет басшыларынан және Қазақстандық кәсіпкерлерден алған көптеген сыйлықтары көрмеде қойылған және сол сыйлықтарды 3D-форматында тамашалау мүмкіндігіне ие болдық. Көрмені ұйымдастырушы ҚазҰУ ұжымына алғысымызды білдіреміз!».

Физика-техникалық факультеті