әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде «Smart GIS» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

07.10.2013

Көрулер: 2567

«Smart GIS» – студенттік жобаcы іздестіру компаниясы көптеген инженерлік-геодезиялық қызметтерді ұсынады. Олардың ішінде топографтық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстары бар.

«Smart GIS» start-up компаниясының басты мақсаты аймақтық нарықтағы инженерлік-геодезиялық, кадастрлық және жерге орналастыру қызметтерін ұсынатын компаниялар арасынан алдыңғы орын иелену. Сонымен қатар геодезия және картография саласындағы қазіргі заманға сай соңғы жаңалықтармен таныстыру арқылы компанияның жас мамандарының кәсібилігін арттыру.