Заң факультетінде ХҚКО жұмысымен танысты

07.10.2013

Көрулер: 2555

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Халыққа қызмет көрсету орталығының нормативтік-құқықтық негіздері құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинарда Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы сұрақтар кеңінен талқыланды. Халыққа қызмет көрсету орталығының модернизациялауы туралы, ХҚКО мобильді шығарылуы, көрсетілетін қызметтердің сапасының көтерілуі және мемлекеттік қызметтің жаңа үлгіде көрсетілуі. Бүгінгі таңда 59 қызмет көрсету түрі таныстырылды, болашақта тағы да 56 мемлекеттік қызмет көрсету түрі көрсетіледі. Алматыда алғаш рет мамандандырылған ХҚКО ашылды. Азаматтарға қалайлы ХҚКО-да жаңадан орнатылған көпшілікке қосымша мүмкіндік беретін төлеудің жаңа қызметі көрсетеді: жеке тұлғаның транспортқа салығы, жеке тұлғаның мүлігін өтеу салығы, айыппұл, жеке тұлғаның салықты өтеулері, халық шоғырланған жерге жеке тұлғалардың жер салығы. Бұл семинар студенттер арасында қызығушылық туғызды және көптеген сұрақтар қойылды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы