Парасатқа тағзым

03.10.2013

Көрулер: 2037

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен қазақ прозасының көрнекті өкілдері М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеевтің туған күніне орай «ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш үнтаспаға жазылған М.Әуезовтің қоңыр үнімен басталды. Үш қаламгердің шығармашылығы бойынша баяндамалар және викториналық сұрақтар тыңдалды. Оралхан Бөкеевтің Шерхан Мұртазаға жазған хаты және қаламгерлер туындыларынан үзінділер оқылып, студенттерге танымдық ақпараттар ұсынылды. Проза майталмандарының шығармашылығына арналған кештен студенттер мол рухани ләззат алды. Факультеттің жас ақындары Б.Мырзағұлов, Е.Қуатбек, Б.Смадияр, С.Мінәйхан, А.Әли т.б. қаламгерлерге арнауларын оқыды.

Клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы болашақ әдебиетшілерді қазақтың қара сөзінің қасиетіне бойлап, әдеби мұраны қастерлей білуге шақырды.