Студенттер арасында «Ақсүйек in the city» ойыны ойнатылады

03.10.2013

Көрулер: 1906

Құрметті ҚазҰУ студенттері! Сіздерді 5 қазан күні сағат 15:00-де «Жастар алаңында» өтетін «Kaznucityfest» атты 1-курс студенттерін қалашыққа қабылдау салтанатына шақырамыз! Кеш барысында «Ақсүйек in the city» ойыны ойнатылады. Ойынның басты мақсаты – 1 курс студенттерін қалашықпен таныстыру. Ойынға ҚазҰУ жатақханаларының 13 командасы қатысады.

Кеш соңында 1 курстар арасында өткен волейбол, футбол спорттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Ұйымдастырушы: Жоғарғы студенттер кеңесі.