ҚазҰУ студенттері дзюдодан чемпион атанды

03.10.2013

Көрулер: 2350

Алматы қаласында дзюдодан (Гран При) өтті, 13 таяу және алыс шет мемлекеттерінен 200 спортшылар қатысты.

Осы жарыста ұлттық команданың ішінде 7 студент қатысты және олардың көрсеткіштері: Биология және биотехнология факультетінің «ДШ және спорт» мамандығының 3 курс студенті Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2011ж. Әлем чемпионы Сметов Елдос, 60 дейінгі салмақта 5 қарсыласын жеңіп 1-ші орын алды.

Биология және биотехнология факультетінің «ДШ және спорт» мамандығының 2 курс магистранты Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2013 ж. қарулы күштер арасында әлем чемпионы Жұмақанов Елдос, 66 дейінгі салмақта 5 қарсыласын жеңіп 1-ші орынға ие болды. Қазақстан командалық есепте 1 орынға ие болды (5-5-7), екінші орынға Бразилия (4-2-3), үшінші орын Ресей командасында (3-0-4).

ҚазҰУ-дың Спортклубы