Экономист студенттер назарына!

03.10.2013

Көрулер: 2655

«Елдің үздік жас экономисі» атағы үшін бақ сынағыңыз немесе кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Экономикалық зерттеулер инстистуты» АҚ-да тағылымдамадан өткіңіз, «Болашақ» Қауымдастығының ұсынымдық хатын, сондай-ақ дипломдар, бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлар алғыңыз келе ме?

Онда жас экономистердің Республикалық «Жас Сарапшы - 2013» байқауына қатысыңыз. Қатысу үшін жасы 29 дейінгі 4 курс студенттері мен экономика мамандығының магистранттарын шақырамыз. Асығыңыздар! Өтініштер zhassarapshy@economy.kz поштасы арқылы 15 қазанға дейін қабылданады. Конкурс туралы түпкілікті мәліметті www.bolashak.kz сайтынан табасыздар. Конкурсқа қатысыңыздар! Бақтарыңызды сынаңыздар!

Жастар ұйымдары комитеті