Отбасы институтын гендерлік зерттеулер бойынша талқылау

10.09.2013

Көрулер: 2695

Үстіміздегі жылы Президенттің жарғысы бойынша Қазақстанда 8 қыркүйек күні алғаш рет Отбасы күні болып тойланды. Жаңа мереке аясында уақытымыздың ең өзекті мәселелерінің ішінде неке мен отбасының формаларының өзгеруі мен оның тұрақтылығы, жастардың адамгершілігі мен тәрбие мәселелері, балалар мен ата-аналардың құқығы, гендерлік саясаттың дамуы мен гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналған диспут-алаң құрылып үлгерді.

Бұл мәселелерді әлеуметтік зерттеулермен байланыстағы ғылыми зерттеулер тарапынан қарастырып, оны практикалық тұрғыдан шешу жолдарын ұсынған талқылау «Гендерлік зерттеулер мен гендерлік саясаттағы қоғам және отбасы» атты Дөңгелек үстелде талқыланған болатын. Аталған шара Алматы қаласының әкімшілігінің отбасы және гендерлік саясат жөніндегі Комиссиясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің Гендерлік білім беру орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде отбасы қатынастары мен гендерлік саясат саласындағы мамандар (әлеуметтанушылар, психологтар, әлеуметік жұмысшылар, саясаттанушылар және т.б), қоғамдық ұйым өкілдері, оқытушылар мен магистранттар және студенттер қатысты. Ерекше талқылау ЖОО үшін маңызды болып саналатын «хиджап» мәселесі және жастар арасында діни экстремизмнің болу мүмкіндігі мәселелеріне қатысты болды. Әлеуметтік институт ретінде отбасы мен некені нығайту, жас азаматтарымыздың, соның ішінде балалар үйінің түлектерін гендерлік әлеуметтенуі мен отбасылық жағдайға әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан даярлау, отбасы мен жұмыс балансын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар мен ұстанымдар айтылды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Гендерлік білім беру орталығы