ҚазҰУ технопаркінде дөңгелек үстел өтті

12.09.2013

Көрулер: 2576

Қырқүйектің 11-ші жұлдызында әл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінде «Start-up компанияларды құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Осы дөңгелек үстелде Start-up компанияларды құру мәселелері мен бизнес-инкубатор келісім-шарты қарастырылды. Кездесудің нәтижесінде Ғылыми-технологиялық парк оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер қарым-қатынасын жақсарту мақсатында барлық факульттерде ашық есік күндерін өткізу жоспарланды.