ҚазҰУ колледжінде кураторлық сағаттар өткізілді

09.09.2013

Көрулер: 2741

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 3-курс колледж студенттеріне білім күніне арналған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен кураторлық сағаттар өткізілді.

Жиын жастарды азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – тәуелсіз Қазақстанды сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауға ұмтылыс танытуға, мемлекеттік рәміздерді сыйлау мен құрметтеуге негізделген саналы құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

ҚазҰУ колледжі