Бірінші курс студенттері ҚазҰУ қалашығымен танысты

09.09.2013

Көрулер: 2827

Биылғы оқу жылы бірінші курс студенттері үшін жақсы көңіл-күймен басталды. Физика техника факультетіне, соның ішінде жылу физикасы және техникалық физика кафедрасына екі жүзге жуық бірінші курс студентері қабылданды.


Алғашқы күннен бастап студенттермен ҚазҰУ қалашығын аралап, кітапхана, интернет-кафе, жатақхана мен оқу корпустарымен және мұражайлармен танысты. «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Жылуэнергетикасы» мамандықтарының студенттері ҚазҰУ-дың мұражайына барып, студенттер көптеген мағлұматтар алып, қалашық макетімен танысты.

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы