"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

22-там-13

Көрулер: 1902

Бұл қалашықта бәрі бар

Еліміздегі жоғары оқу орын­да­ры арасында көш бастап тұр­ған қара шаңырақ – ҚазҰУ-да 20 мың­ға жуық студент біліммен су­сындауда. Әсіресе университет қа­ла­шығы көрген жанды таң­дай қақтырмай қоймайды. Ір­ге­тасы тұңғыш рет 1971 жы­лы қаланған бұл қалашық – әлем­дік деңгейдегі студенттік кам­пус. Оның аумағында жа­тақ­­ханалардан басқа музей экс­понаттары, Ө.Жолдасбеков атын­дағы Студенттер сарайы, ең ірі спорттық кешен мен стадион ор­наласқан.

Жасыл желекке оранған шағын қала­шықты мекен еткен жастардың жағдайы жақ­сы. Ал осы қолайлы тұрмысты қам­та­ма­сыз ететін күнделікті күйбең тіршілік сырт көзге онша көріне бермейді. Бас­қа­сын былай қойғанда, университет ор­на­ласқан 73 гектар аумақты күтіп-баптаудың өзі оңайға соқпайды. Қалашық аумағында 18 мың ағаш, 30 мың тал гүл отыр­ғы­зылған. Көгалдан­дыру, суғару, шөп шабу, ағаш отырғызу, күтіп-бап­тау – ешқашан то­ластамайтын жұмыс. Бұл – 13 оқу ғи­мараты орналасқан 235 мың шаршы метр және 5500 студент тұратын 14 жатақхана ор­наласқан 5500 студенттер тұратын 88 мың шар­шы метр көлеміндегі аумақты игеру деген сөз. Оған қоса, қазір 500 орындық жатақхана салынуда.

Қалашықтың өндіріс департаменті бүкіл оқу ғи­мараттары мен жатақхана­лар­ды жөндеуден өткізіп, ыстық және суық су­мен қамтамасыз ету, су құбырларының бү­тін­дігін, кәріздердің бітел­ме­уін қада­ға­лау сияқты асқан ыждаһаттылықты қажет ететін маңызды шаруаларды атқарады.

Қалашықты жарықпен қамту мәселесі де ойдағыдай. Мұндағы электр жүйелері, 11 шағын стансы электр қуатымен үздіксіз жаб­­дықтайды. 500 телефон желісі тар­тыл­ған. Өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары да ұмыт қалмаған. Жол жөндеу, қоқыс шы­ға­ру жұмыстары және бар. Шамамен 300 тон­­наға жуық тұрмыс қалдықтары 40-60 ша­­қырымдай жердегі Шамалған орта­лы­ғын­­дағы қоқыс өңдеу зауытына жет­кі­зі­ле­ді.

Сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық мә­се­ле­лер жөніндегі департамент қала­шық­та жұмыс іс­тейтін коменданттардың, еден жуушы, элек­трик, сантехник, көлік жүр­гізуші, абаттан­ды­ру қыз­меткерлерінің, жал­пы, университет кө­ле­мін­дегі барлық жұ­мыстардың атқарылуына ті­келей бас­­шылық жасап, еңбек тәртібінің бұ­­зыл­мауын жіті қадағалайды. Студенттердің тө­­сек жаб­ды­ғының тазалығына айрықша мән бе­ріледі. Мә­се­лен, 16 мың жастық қап, ақ жайма мен көр­пе­қап, 5500 төсек жап­қыш, 5500 жылы жа­мылғы жуы­лып, са­нитарлық тазалаудан өт­кізіледі.

Ағаш өндірістік цехында жиһаз жөндеу, түр­лі жи­һаз жасау жұмыстары қолға алын­ған. Уни­вер­ситет ғимараттарында 16 жұ­мыс­шы бояу, әрлеу, сы­лау тәрізді күрделі жөндеу жұмыстарын үзбей жүргізеді.

Университет білім беру орталығы бол­ған­дық­тан, студенттер мен оқыту­шы­ларға арналған ка­би­неттер, аудиториялар мен зертханаларды жаб­дықтау жағы күн­делікті бақылау барысында жүзеге асы­рылады.

Студенттерге білім беру мәселесіне мем­ле­кет­тік тұрғыдан көңіл бөлініп отыр­ған­да жас­тар­дың сапалы деңгейде мә­де­ни қызметпен қам­ты­луына айрықша мән бе­рілгені абзал. Осы орай­да, сту­дет­тер­дің талабын қанағаттандыруға ба­­­рынша күш салынып келеді. Соңғы бір жа­ғым­ды жа­ңа­­лық – қалашықта жаңа кітапхана іске қо­­сылды. 19 мың шаршы метрді құрайтын бұл кі­тапхана сөрелеріне 2 миллион кітап сый­дыруға болады. Технопарк іске қо­сыл­ды. Айта кет­кен жөн, технопарктегі күрделі жұ­мыстарды «Бек-Темір» фирмасы өте жо­ғары деңгейде ат­қа­рып шықты. Сондай-ақ №5 ғимаратындағы күр­делі жөндеуді ST Құрылыссервис, ал №14 жа­тақхананы Еділ-Жайық фирмасы жоғары са­памен жа­сады. Қазіргі кезде студенттер орта­лы­ғын күрделі жөндеуден өткізудеміз. Бір сөз­бен айт­қанда, осы бағытта университет рек­торының бар­лық тапсырмасы ой­дағыдай орындалуда.

Өндірістік бизнес-орталық, медици­на­лық клас­тер, студенттік инкубатор, тех­но­парк – бәрі де жаңа талап тұрғысынан іс­ке асырылуда. Әсі­ресе PһD докторант­тар­дың жатақханасы ірі жоба са­налады. Жос­парға сәйкес, бұл жоба 2013 жы­лы бас­талып, 2020 жылы іске қосылуы қажет. Жо­­баны жүзеге асыруға 55 млрд теңге жұм­салуы тиіс.

Студенттердің салауатты өмір салтын ұс­та­нуына да барлық жағдай жасалған. Қа­лашық ішін­дегі спорт кешенінің жалпы ау­мағы – 43584 шар­шы. Жабық алаңы – 6966 шаршы, ашық ала­ңы – 36618 шаршы. Екі залы бар, алаңы 3200 шаршы метр болады. Стадионда кө­рер­мен­­дерге арналған 4 000 орын, футбол ой­най­тын алаң – 72х107 метр, жүгіру жолы – 400 метр, аланы 16800 шаршы, трибунаның ас­тын­да­ғы жүгіру жолы – 4482 метр, үш спорт алаңы, ша­ғын футбол ойнайтын алаң – 3024 шаршы. Бас­кетбол ойнайтын ашық алаң – 1200 шаршы, во­лейбол ойнайтын 2 алаңы – 480 шаршыны, то­пы­рақты теннис корты 4400 шаршы аумақты алып жатыр. Бұл – университет үшін үлкен мәр­те­бе.

Ал Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер са­райы – 14240 шаршы. Сарайға 1537 адам сы­йып кетеді. Әлбетте, Студенттер сарайында қы­­зық­ты да думанды кештер ешқашан толаста­май­ды.

М.НҰРҒАЗИН, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Өндірістік және мәдени-тұрмыстық мәселелер жөніндегі департамент директоры