"Алаш айнасы" газеті

28.06.2013

Көрулер: 1953

Келісім «Коника Минолта» (Еуропа Бизнес Солюшенс Бөлімі) компаниясы делегаттарының университет басшылығымен кездесуі барысында жасалды.



ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов: «Осы меморандумға қол қою және зерт­ха­на ашу арқылы университетіміз Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолда­уында айтыл­ған бағдарламалық тезистерін басты ба­ғыт­қа алатынын дәлелдеп отыр. Бұл оқу бағдарламаларына жаңа оқу тех­ноло­гияларын енгізу, өндірістік тәжірибені бе­кі­ту, ғылым мен бизнестің толыққанды ко­опе­рациясы, жұмыс берушілерді оқу үде­рісіне тарту болып табылады», – деді.

«Біз ҚазҰУ-да озық технологиялармен жабдықталған зертхана жасаймыз. Онда университет студенттері білім алып, тәжі­рибе жинақтап, заманауи полиграфиялық және ІТ саласында өз біліктіліктерін артты­ра алады. Бұл жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда пайдалы болады», – деді «Коника Минолта» бизнес операциясының бас менеджері Акира Фуджита.

Жапондық компания өз тарапынан лабораторияны жабдықтармен қамтама­сыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Сон­дай-ақ ҚазҰУ студенттері алдыңғы қатар­лы технологияларды лабораторияда өтетін тәжірибелік сабақтарда және де Коника Минолта академиясының онлайн-курс­тары арқылы оқып-білуге мүмкіндік ал­мақ. Оқу мерзімі аяқталғанннан кейін үз­дік студенттер компанияның еуропалық бө­лімшелерінде машықтанудан өтетін болады.

«Коника Минолта» жапондық холдинг, фотоқұралдарын, факс аппараттарын, ла­зер­лі принтер, медициналық және өл­ше­уіш құрал-жабдықтарын, оптикалық ком­поненттерін шығаратын әлемдегі жетекші өндіруші болып табылады. Бейнелеу сала­сындағы құрылғылар жасауда көшбасшы бола тұра, компания толық түрлі түсті бас­па өнімдерін, кеңсе және ұйымға қажет өнім­дер шығаруға да көңіл бөліп келеді.

Автор: Еңлік АҚЖІГІТ