ҚазҰУ колледж түлектеріне диплом тапсырылды

27.06.2013

Көрулер: 2591

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ колледж түлектерін дипломмен марапаттау рәсімі болып өтті.


Бұл жылы колледж қабырғасынан құқықтану, есеп және аудит, аударма ісі және ақпараттық жүйелер сынды мамандық бойынша 216 түлек ұшты.

«11 жылдық тарихы бар ҚазҰУ колледжі бүгінгі күнге дейін талай шыңды бағындырды. Шәкірттеріміз әр түрлі конференциялардан, халықаралық олимпиадалардан, ғылыми жобалардан қанжығаларын майлап келеді. Осындай «алтын» студенттеріме ақ жол тілеймін», - деді колледж директоры Райхан Нұрқанова.

Салтанатты шараға аталмыш университет декандары, ұстаздар, ата-аналар, сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары Медеу Арынбаев, Әділ Сламхан, «Қыран» тобы және басқа қонақтар қатысты.

Колледжде жыл сайын 400-ден аса оқушы білім алуда. Ұстаздар қауымы кәсіби шеберлікті көтерудің тиімді жолдарының бірі ғылыми- зерттеу жұмысында деп таниды.

Биыл университетті 5 мыңнан астам бакалавриат және магистратура түлектері тамамдайды.

ҚазҰУ Баспасөз қызметі