Әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау рәсімі өтеді

22.06.2013

Көрулер: 4052

2013 жылғы 28 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедра түлектерінің әскери ант қабылдау салтанатты іс-шарасы өтеді.

Биыл әскери антты 351 түлек курсант қабылдайды. Олар кафедрада әскери оқудың толық курсын өтті, қазіргі уақытта оқу-далалық жиынын өтуде және оқуды бітіру кезеңінде түлектер емтиханын әскери дайындық бойынша тапсырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасын жетістіктермен бітірген курсанттарға, оқу бағдарламасы бойынша запастағы офицерлерге «лейтенант» әскери атағы беріледі және жеке номер тағайындалып есепке алынады.

Студенттердің әскери ант қабылдау салтанатты іс-шарасына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униветситетінің ректоры, академик Ғ.М.Мұтанов, Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің ректоры, профессор Д.А.Шыныбеков, Қазақстан Республикасы Қарулы күштер ардагерлері, әскери кафедраның оқытушылар құрамы, ант қабылдаушы курсанттардың туыстары мен жақындары және де басқа министрліктер мен ведомства өкілдері қатысады деп күтілуде.

Курсанттар қарумен әскери нысанда әскери Ант қабылдап, қол қояды. Антты қабылдау – бұл өмірдегі маңызды және жауапты әрекеттердің бірі, оны курсанттар, әскери кафедра түлектері іске асырады. Курсанттардың салтанатты Ант қабылдау рәсімі кезінде қатысушыларға Радиоэлектроника және байланыс Әскер инженерлік институты курсанттары саптық және қарумен тәсілдер көрсетілімін, әскери оркестрдің орындауында дефиле, Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелері әскери қызметшілерінің орындауында қоян-қолтық ұрыстың элементтері көрсетіледі, көркем өнерпаздар концерті назарларыңызға ұсынылады.

Салтанатты рәсімге қатысушылар қару-жарақ үлгілерімен және оқу қаруымен таныса алады.

Өткізілетін уақыты: 2013 жылғы 28 маусым. Басталуы сағат 10:00.

Өткізілетін орны: әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ-дың орталық алаңы (Ректорат ғимаратының алды)