Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Назарбаев университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14.06.2013

Көрулер: 3114

Жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумында Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді.

«Назарбаев университетіне не бары 3 жыл толғанымен, университетте білім берудің озық тәжірибесі жинақталған. Біздің университетіміздің 80 жылдық тарихы бар. Ол уақыттың ішінде біздің белгілі бір дәстүріміз қалыптасты. Енді, ол дәстүрмен қатар инновацияны да кеңінен қолдану қажет», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғ.Мұтанов.

«әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 79 жыл ішінде, өзінің Қазақстандағы ең мықты университет екендігін дәлелдеді. ҚазҰУ еліміздің белгілі ғалымдары мен саяси және қоғам қайраткерлерін өсіріп шығарды. Назарбаев университеті осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жетті, алайда ары қарай даму қажет. Қазақстанның басқа оқу орындарымен де бірлесіп жұмыс істеу керек», - деді Назарбаев университетінің президенті Шиего Катсу.

Меморандум ҚазҰУ ғалымдарына Назарбаев университетінде сабақ беруге және түрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі