Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинеті ашылды

14.06.2013

Көрулер: 1640

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Кабинетті факультет деканы Қансейіт Әбдезұлы мен Алтай Сәрсенұлының әпкесі Күләш Аманжолова бірге ашты. Кабинеттің ашылу салтанатына ғалымның туыстары, інісі Орал, жұбайы Айша, ұлы Ерен, немересе Малика, сонымен қатар факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ғұмыры ұзақ болып, түркі ғылымын зерттеймін дейтін жастарды қанаттандыра бергей.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті