әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді

08.06.2013

Көрулер: 1829

2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді.

2013 жылы 19 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынымақтастық келісім аясында аталған жобаны ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы ақпараттық қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы ел арасында зерттеулер жүргізуге аттанады.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған студенттік экспедиция 2 кезеңді қамтиды.

2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығын қамтитын бірінші кезеңінде «Елден елге» акциясы аясында студенттік ғылыми экспедиция еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізеді.

Ғылыми жорықтың екінші кезеңінде 2013 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігіне орай «Рухани қазына» ғылыми зерттеулер жинағы жарық көреді.

Аталған шара аясында жас ғалымдар: «Қазақстан азаматының интеллектуалдық құндылықтарының семиотика-символикалық» атласына қажетті материалдар жинақтайды; Интеллектуалдық қоғам азаматы қалыптасуына бағытталған әлеуметтік жобалауға бағытталған гуманитарлық технологияларды зерттейді; БҰҰ-ның мыңжылдықтар даму мақсатына енетін «Қазақстан 2015 жылдан кейін» проблемасы бойынша Қазақстан азаматтарының қоғамдық пікірін зерттейді.

Сонымен қатар, ғылыми жорық барысында басты оқиға орын алмақ. Ол – 2013 жылы 1-14 маусым аралығында өтетін ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ауылға хат» ақпараттық науқаны. Аталмыш шара арқылы республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ең үздік хаттар топтамасы» баспасөз-конференциясында аталып, сондай-ақ өңірлердегі құзіретті ұйымдарға табыс етіледі.

Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 225 каб., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

тел.: комм. +7(727) 3773334 ішкі 13-51; факс: +7(727) 3773514 моб: +77011527488; эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru

веб-сайт: intelligent.kz – «Интеллектуалды ұлт» гуманитарлық зерттеулер орталығы.