Ағылшын тілінде дәріс беретін оқытушылар назарына!

06.06.2013

Көрулер: 2176

27 маусым сағат 10:00-де Лингвистикалық сауат орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің методикалық бюросы «Ағылшын тілі – әлемдік білім тілі: жаңа белестер мен жаңа әдістер» атты ғылыми-әдістемелік конференцияны өткізеді.

Конференцияда ағылшын тілі – ұстадық пен болашақ мамандарды дайындаудың сапасын көтеру құралы, тілдік орта және мәдениетаралық қарым-қатынас, кәсіби білімді шет тілінде беру, тілдік пәндерді оқыту жолдарын жетілдіру тақырыптары қарастырылады. Ағылшын тілінде дәріс беретін ұстаздар осы шараға шақырылады.

Мекен жайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

Қарасай батыр көшесі, 95

Кәріпбаева Гүлнар – 8(727) 243 89 20; 8707820 22 00

Сарбаева Роза - 8771452 28 75